Байтұрбаев
Қуат Нурахымұлы

«Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» ММ директоры

Байтурбаев Куат Нурахимович

1965 жылы 02-ші қаңтарда Талдықорған облысы, Қарабұлақ ауылында дүниеген келген. Ұлты: қазақ, ҚР азаматы, білімі: жоғары, үйленген екі бала тәрбиелеп отыр.

1972-1982 жж. – Қарабұлақ ауылында Шестаков атындағы орта мектебін бітірді.

1985-1990 жж. – Семей Зоотехникалық-малдәрігерлік институтының ветеринарлық дәрігер мамандығын алды.

2010-2012 жж. – Қазақ Ұлттық Аграрлық Унивеситетінің орман шаруашылығы инженері мамандығы бойынша бітірді.

1990 ж. – Алматы облысы Ескелді ауданының ҚР АШМ Аумақтық басқармасының инспекторы қызметінен бастады.

2000-2003 жж. – Алматы облысы Ескелді ауданының ҚР АШМ Аумақтық басқармасының орынбасары қызметін атқарды.

2003-2009 жж. – Алматы облысы ҚР АШМ Оңтүстік – шығыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2009-2010 жж. – ҚР АШМ Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

2010-2011 жж. – «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры қызметін атқарды.

2011 жылдың ақпан айының 23 жұлдызынан бастап Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетіне қарасты «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалып, бүгінгі күнде директорлық қызметті жалғастыруда.

Қосымша мәлімет:

2002 ж. Астана қ. С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары

2007 ж. Кохран бағдарламасы бойынша Америка Құрама штатында қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары

2006 ж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі кәсіптік біліктілігі және жоғарғы көрсеткіштері үшін «Үздік маман» дипломын алды.

2014 ж. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі «Экология саласының үздігі» медальмен марапатталды.

2015 ж. «Аграрлық білімге, ғылымға және өндіріске қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

2015 ж. «Қазақ ұлттық аграрлық университетіне 85 жыл» мерейтойлық алтын медальмен марапатталды.

2015 ж. «Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегіңіз, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін» ҚР президентінің құрмет грамотасымен марапатталды.