Мұхаметжанов
Манас Дакенұлы

директордың ғылыми іс-жөніндегі орынбасары

Мұхаметжанов Манас Дакенұлы

Алматы облысы Кеген ауданы Тасашы ауылында 1974 жылы 25-ші қарашада дүниеге келген. Ұлты қазақ, ҚР азаматы,  білімі  жоғары, үйленген екі ұл тәрбиелеуде.

1981-1991 жж. - Тасашы орта мектебін бітірді.

1992-1997 жж. - Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде орман шаруашылығы инженері мамандығы бойынша бітірді.

1998-2000 жж. - Кеген орман аң шаруашылығының Қарқара орман бөлімшесінде №57-ші айналымының орманшысы болды.

2003-2004 жж. - Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған мемлекеттік психиатриялық ауруханасында медбрат болып жұмыс істеді.

2004-2007 жж. - Алматы қорығында қорғау бөлімінің инженері  жұмысын атқарды.

2007-2008 жж. - РМҚК Алматы орман селекциялық орталығы с/у «Орман» бөлім меңгерушісі болып жұмыс атқарды.

2008-2011 жж. - Алматы мемлекеттік табиғи қорығында экологиялық ағарту бөлімінің маманы, қорғау бөлімінің аға инженері, қорғау бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарды.

2011-15.04.2015 жж. ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің бастығы

2015 жылдың 15 сәуірінен бастап «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінде директордың ғылыми іс-жөніндегі орынбасары болып тағйындалып қызмет атқаруда.