2019 жылдың 12 – 14 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен БҰҰДБ-ның «Жан-жақты пайда алу мақсатында ғаламдық маңызы бар экожүйелерді сақтау және тұрақты басқару» және «БИОФИН – Биоалуантүрлілікті қаржылындыру бастамасы» жобаларымен бірлесе отырып ЕҚТА-дың басқару жоспарларының тиімділігін арттыруға және қаржыландыруды жақсартуға бағытталған оқыту семинары өтті. Семинарға қатысқандар: ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкер Куанышпекова Диана Оразбаевна, есепші Кыдыркожаева Камила Корлановна.

Өткен аптада ғылым бөлімі мамандары мен мемлекеттік инспекторлар (бақылау алаңшалары бекітілген) қорық аумағының Оң Талғар шатқалында орналасқан бақылау алаңшаларындағы өсімдіктердің индикаторлық түрлерінің өсіп – өнуіне бақылау жұмыстарын жүргізді.

2019 жылдың  02-ші сәуірімен 03-ші сәуір аралығында  ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің мамандары  мемлекеттік инспекторлармен бірге қорық аумағында жабайы аңдарға санақ жүргізді.

2

3

IMG 3097

IMG 5915

1

2019 жылдың 15 сәуірі мен 18 сәуірі аралығында ғылыми қызметкерлер Оң Талғар шатқалындағы жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекетіне мониторинг жүргізді.

2019 жылдың 18-20 наурыз күндері аралығында Алматы қорығының ғылыми қызметкерлері мен Зоология институтының мамандары қорық аумағындағы жабайы аңдарды зерттеуде, соның ішінде қар барысының санын анықтау мен оны тұрақты түрде зерттеу мақсатында «Сол Талғар» шатқалына фотоқақпандар орнатты.