Жалпы ережелер

1. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда болу тәртібін реттейді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тыйым салынады:

      1) аумақтың гидрологиялық режимiн өзгертетiн iс-әрекеттерге;
      2) мемлекеттiк табиғи қорықтың жұмыс iстеуiмен байланысты емес үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), жолдар, құбырлар, электр желiлерiн және басқа да коммуникациялар мен объектiлер салуға;
      3) геологиялық-барлау жұмыстарына және пайдалы қазбалар өндiруге;
      4) топырақ қабатын бүлдiруге, минералдар шығымын бұзуға және тау жыныстарын жалаңаштауға;
      5) орман қорғау iс-шараларын жүзеге асыру үшiн қажет санитариялық мақсатта ағаш кесудi қоспағанда, өсiмдiк қабатының бұзылуына әкеп соғатын орман пайдаланудың барлық түрлерiне, оның iшiнде тағамдық, дәрiлiк және техникалық өсiмдiктер, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын, шөп шабуға, мал жаюға және өсiмдiктер дүниесiн пайдаланудың басқа да түрлерiне;
      6) аң аулау мен балық аулауға;
      7) жануарларды аулауға және жойып жiберуге, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға;
      8) өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жерсiндiруге, жануарлардың жекелеген түрлерi санын жерлердiң табиғи сыйымдылығы бойынша жол берiлетiн мөлшерден артық көбейтуге;
      9) мемлекеттiк табиғи қорықтың коллекцияларын қалыптастыруды қоспағанда, коллекциялық материалдар жинауға;
      10) зиянкестерге, өсiмдiктер мен жануарлардың ауруларына қарсы, сондай-ақ жануарлар санын реттеу үшiн химиялық және биологиялық күрес әдiстерiн қолдануға;
      11) үй жануарларын айдап өтуге;
      12) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормадан асып түсетiн жасанды жолмен жасалатын шуылға және өзге де дыбыстық әсерлерге;
      13) егер қызмет қорғалатын ландшафтардың табиғи көрiнiсiн өзгертуге немесе экологиялық жүйелердiң орнықтылығын бұзуға әкеп соғуы мүмкiн болса, не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтауға және молықтыруға қатер төндiрсе; оған тыйым салынады.

2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың аумағында орман және дала өрттерiнiң алдын алу және сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзуге жол берiледi.

3. Қарауында мемлекеттiк табиғи қорықтар бар мемлекеттiк табиғи қорықтардың қызметкерлерiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларын қоспағанда, жеке тұлғалар мемлекеттiк табиғи қорықтар аумағына рұқсат беретiн құжаттар болған кезде ғана жiберiледi.

4. Мемлекеттiк табиғи қорық аумағында немесе оның аумағынан тысқары жерлерде тұратын белгiлi бiр дiнге сенушiлердiң құрмет тұтатын жерлерге (құлшылық ету орындары) мемлекеттiк табиғи қорық аумағы арқылы өтетiн жолдармен баруын қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк табиғи қорықтың әкiмшiлiгi тиiстi дiни бiрлестiкпен келiсiм бойынша мемлекеттiк табиғи қорық инспекторларының iлесiп жүруiмен осы орындарға топталып баруға немесе осы орындарға топталып жақын келуге тегiн рұқсат етуi мүмкiн.

«Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» РММ 2016 жылғы өрт қауіпі маусымына дайындық жұмыстары туралы

РММ Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, Алматы облысы Талғар ауданының оңтүстік батыс бөлігіндегі Іле Алатауы жотасы беткейлерін алып жатыр. Жалпы алқабы 71700 гектар жерді қамтиды. Жалпы орманды жерлері -15088,0 га, соның ішінде орман жапқан жерлері 14369 га, Алматы мемлекеттік табиғи қорығында штат кестесі бойынша 42-адам бар.

Орман өрттерінің алдын алу, кузету, орман өрттерімен күрес мәселері бойынша бұқаралық ақпарат арқылы түсіндіру жұмыстары Алматы мемлекеттік табиғи қорығының 24 мемлекеттік инспекторларының күшімен іске асырылады. Білімдері бойынша 10 мемлекеттік инспектор жоғарғы білімді,11 мемлекеттік инспектор арнайы орта білімді, 3 адам толық орта білімді. Барлық мемлекеттік инспекторлардың қару алып жүруге және сақтауға рұқсаттары бар. Қорық бойынша 8 қызмет кардоны бар.

Инспекторлық  құрамның техникалық құралдармен  жабдықталуы:

3 «ИЖ-Планета» мотоциклы, 8 қызмет аты бар. Қорық аумағын күзету үшін «УАЗ» 31519-017, «УАЗ» 396259 автокөліктері бөлінген.   

Өртке қарсы қолданылатын техника мен құрал жабдықтардың тізімі

    Құрал жабдықтардың аты жөні өлшемі саны
1 Өрт сөндіретін автокөлік дана 1
2 Трактор МТЗ-82 дана 1
3 Мотопомпа дана 2
4 Ара дана 38
5 Балта дана 53
6 Шелек дана 96
7 Үшкір күрек дана 218
8 Жалпақ күрек дана 130
9 Тырма дана 85
10 Айыр дана 35
11 Шартылдақтар дана 175
12 Өрт сөндіргіш дана 64
13 ЛРО өрт сөндіргіші дана 62
14 Лом дана 50
15 Багор дана 42

Өртке қарсы қолданылатын құрал жабдықтар жөндеуден өткізілген, өртке қарсы қойылған аншлагтар мен паннорлар жөндеуден өткізілді.