16.04.2016ж Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Медеу шатқалында «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» атты акция өткізілді. Акцияға Алматы қорығынан 35 адам қатысып, 300-ден астам Тянь-шань шыршасының көшеттерін отырғызды.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы экология бөлімінің мамандары кунделікті табиғат мұражайында экскурсиялар жургізеді. Келген қонақтарға табиғатымызда мекендейтін жануарлар мен өсімдіктердің әр-алуандығын көрсетіп, таныстырады. Сонымен қатар Алматы мемлекеттік табиғи қорығының көркем табиғаты жайында видеофильм көрсетіледі.

14.04.2016ж. Талғар қаласының экономикалық коледжінің студенттері мен «Алматы  мемлекеттік табиғи қорығы» мамандары біргіп "Жасыл жапырақ" табиғат қорғау акциясы аясында "Саябақтар шеруі-2016" іс-шараларын өткізді.