ОБСЕ – нің Нұр – Султандағы бағдарламалар офисі және ПРООН – нің Қазақстанда өкілдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен "Браконьерлікке қарсы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді жақсарту» тақырыбы бойынша Алматы қаласында өтіп жатқан семинардың аясында Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында 2019 жылдың 13 қарашасында қорықтағы ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің  ғылыми қызметкерлері  браконьерлер қызметінің жолын кесу және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлердің (Қар барысы, Тянь – шань қоңыр аю және т.б.) санын сақтау үшін бейне бақылау құралдарын (фотоловушка) орнату және мониторинг жүргізу бойынша дәрістер өткізді.

            Семинарға табиғат қорғау прокурорлары мен полиция қызметкерлері, ғылыми қызметкерлер мен халықаралық сарапшылар, мүдделі мемлекеттік органдар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары қатысты.