2019 жылдың 5 желтоқсанда Алматы қаласында 2019 жылғы орман экожүйелерін сақтау жөніндегі БҰҰДБ жобасының жұмыс қорытындысын шығару және 2020 жылға арналған жобалау қызметін жоспарлау бойынша жұмыс семинары өткізілді. Семинарға Алматы мемлекеттік табиғи қорығының директоры Байтурбаев Қуат Нұрахымұлы және ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері Сапарбаев Салторе Қыдырбайұлы қатысты.