Сіз пластикалық қоқыстың 200 немесе одан да көп жыл улы заттарды бөліп, қоршаған ортаға орны толмас зиян келтіріп жататынын білесіз бе? Адамдар пластикалық бөтелкелерді, тамақ контейнерлерін, пакеттерді, шыныаяқтарды, қаңылтыр банкаларды, кәмпит қабығын жерге, тротуарларға, суға лақтырады. Көбінесе барлық қоқысты демалатын жерлерде : саябақта, жағажайда немесе орман көгалдарында, пикник орындарында қалдырады, салдары туралы ешкім ойланып жатқан жоқ. Алматы қорығының қызметкерлері #Plogging#Birge #TazaQazaqstan акциясын бастады.

Плоггинг (плоггинг) — фитнестің жаңа түрі, ол дене шынықтыруды қоршаған ортаға қамқорлықпен үйлестіреді. Плоггингшілер таза ауада спортпен шұғылдану немесе жүгіру кезінде бір уақытта қоқыс жинайды.

Біз "Бірге-таза Қазақстан!» акциясы басталуы туралы мәлімдейміз!

- Бірінші және басты шарт — әлемді таза ету ниеті!

- Жүгіру немесе велосипедпен жүру кезінде үшін қолғап пен мүшекті бірге ала жүріңіз!

- Табиғи емес қоқысты заттарды байқап, оларды мүшекке жинауды ұмытпаңыз!

- «Олжамен» суретке түсіп, біздің парақшамызды @zapovednik.almaty белгілеп, сондай-ақ #plogging#Birge #TazaQazaqstan хэштегін белгілеп әлеуметтік желілерде суретке түсіріңіз.