1607915757752

2021 жылдың 15-19 наурыз аралығында ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің мамандары Оң Талғар шатқалында мониторинг жүргізді. Бақылау барысында осы шатқалда Ақкіс (лат. Mustela erminea) тіркеліп суретке түсірілді. Ақ кістің дене тұрқы 16 – 30 см, құйрығының ұзындығы 6 – 12 см, салм. 120 – 370 г. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыры ақ түсті болса, қыста денесінің жүні аппақ келеді. Азығын аулауға көбіне түнде шығады.

Ақпан – мамырда ұйығып, 9 айдан соң 8 – 9-дан күшіктейді жылына екі рет – көктем мен күзде түлейді.