Алматы мемлкеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері қорық аумағында мекен ететін жабайы аңдар мен құстарға мониторинг жүргізді. Бақылау барысында, Оң Талғар шатқалында Қырғауыл (лат. Phasianus colchicus Linnaeus, 1758) тіркелді. Көктем мезгілінің келуіне байланысты, қорықтың күнгей беткейінде қырғауылдың алаңсыз жайылып жүрген сәті видеоға түсірілді.