«Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-сі, Алматы облысы Талғар ауданының оңтүстік батыс бөлігіндегі Іле Алатауы жотасы беткейлерін алып жатыр. Жалпы алқабы 71700 гектар жерді қамтиды. Орманды жерлері – 13211 га, оның ішінде орман жапқан жерлері 12435 га, (орман екпелері 14 га), орман жаппаған орманды жерлер; – 776 га, ағашы сирек жерлер 763 га, өртенген жерлер 13 га. Барлық ормансыз жерлер 58489 га, оның ішінде сулар 123 га, жолдар 10 га, мекендер 2 га, басқа жерлер 38235 га, мұздықтар 20048 га.

Қорық аумағы екі бөлімшеге Талғар – көлемі 40094 га (орамдар 105), Есік – көлемі 31606 га (орамдар 36) бөлінген. Барлығы 17 инспекторлық айналым бар. (кесте 1). Қызмет кордондары қорықтың шекараларының бойында орналасқан (9 кордон). Мемлекеттік инспекторлар осы кордондарда жанұясымен тұрады. Қорық тәртібін сақтау осындай тұрақты күзет арқылы жүзеге асады.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағын күзету, 34 мемлекеттік инспекторлардың күшімен іске асырылады, оның ішіне қорық директоры, директордың орынбасарлары, ғылыми қызметкерлер мен экологиялық ағарту мамандары, қорғау бөлімінің бастығы мен 2 инженерлерде кіреді. Мемлекеттік инспекторлар өз айналымдарын күзетуде мініс аттарын пайдаланады. Қорықтың негізгі бөлігінде бір мемлекеттік инспекторғ аайналымдардың ауданы 800-ден 17000 га дейін. Қыс мезгілінде қалың қар және қолайсыз ауа райынан күзету жұмыстары қиындайды. Қорықтың алыс, қиын жерлері мемлекеттік инспекторлардың құрамынан жасақталған жедел топ мемлекеттік инспекторларымен күзетіледі. Сонымен бірге мемлекеттік инспекторлар Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында ішкі істер қызметкерлерімен бірлескен тексерістерге қатысады.

 

Садуакасов Д. Бөлім басшысы

Джакашев Е. Аға инженер

Нурбек Д. Инженер

Куанышпеков М. Мемлекеттік инспектор

Панин Т. Мемлекеттік инспектор

Шалгынбаев А. Мемлекеттік инспектор

Баймұханов С. Мемлекеттік инспектор

Амангелди Б Мемлекеттік инспектор

Орысбаев Е. Мемлекеттік инспектор

Баймұханов Ж. Мемлекеттік инспектор

Баисов Б Мемлекеттік инспектор

Жунусов А. Мемлекеттік инспектор

Дуйсембаев А. Мемлекеттік инспектор

Заитов А. Мемлекеттік инспектор

Казыбеков А. Мемлекеттік инспектор

Карамолдаев Т Мемлекеттік инспектор

Итаяков Б. Мемлекеттік инспектор

Матвиенко А. Мемлекеттік инспектор

Лешбаев Е. Мемлекеттік инспектор

Вакуленко Г. Мемлекеттік инспектор

Бикаев И. Мемлекеттік инспектор

Жаховский Е. Мемлекеттік инспектор