Алматы мемлкеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері қорық аумағында мекен ететін жабайы аңдар мен құстарға мониторинг жүргізді. 24 – 27 маусым аралығында қорық аумағындағы Сақтар жазығы мен Оң Талғар шатқалдарында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Қазақстанның және Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» тіркелген қар барысының өмірін зерттеу мақсатында 1 фототұзақ орнатылды.