Алматы мемлкеттік табиғи қорығының эколгиялық қызметкері қорық аумағында туристермен Манох шатқалына таныстыру барысында мекен ететін Сібір тауешкісі (лат. Capra sibirica) видеоға түсірілді.

Сібір тауешкісі (лат. Capra sibirica) – қорық аумағында мекен ететін жұптұяқты сүтқоректілердің бірі. Дене тұрқы 130-160 см, бойының ұзындығы 80-110 см, салмағы 60- 90 кг. Аналықтарының мүйізі қысқа, аталықтарының мүйізі жастарына байланысты ұзын болады. Күйлеуі қазан айының ортасында басталып, қараша айының ортасына дейін жалғасады. Көздері өте жақсы көреді, құлақтары өте жақсы естиді. Қорық аумағында биік жартастардан бастап, қысқы мезгілде таудың етегіне дейін мекен етеді.